Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қараша 2021

41

Жаңалықтар

«Aqjaiyq» телеарнасына сұхбат берілді

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Батыс Қазақстан облысындағы іссапары барысында жергілікті «Aqjaiyq» телеарнасының «Ғибрат» бағдарламасына сұхбат берді.

Қазақстандағы халал индустриясының даму тенденциясына қызығушылық танытқан оралдық БАҚ өкілдері «Халал Даму» жұмысымен танысты. «Халал – барша мұсылмандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер шеңберін қамтитын тек Ислам дініне ғана тән ұғым. Расында, халал мен харам Алла Тағаланың әмірлерімен белгіленеді. Ешбір адам өз білгенімен халалды харам, харамды халал ете алмайды. «Адал», «арам» деген ұғымдарды Алла Тағала бекіткен. Кейінгі кезде елімізде халал өнімге сұраныс артып келеді. Сол себепті халал мен харамды айқындау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды. Қазіргі таңда «Халал Даму» бақылауында 700-ге жуық кәсіпорын бар. Оның ішінде экспортпен айналысатын отандық және шет елдік өндіріс салаларын да қамтимыз», – деген А.Асқарбекұлы ұйымының атқаратын қызметі мен «QMDB halal» таңбасының маңызын түсіндіріп, Қазақстан халал нарығының әлемдік аренаға дайын екендігін жеткізді.

Бөлісу: