Ақмола обл.: «Arshaly Qus» құс еті өнімдері сертификатталды
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жалтыркөл ауылында орналасқан құс етін өндіруші «Ақ-Дала Агро» құс фабрикасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды.
«Аумағы 36 гектарлық ферма – соңғы техникалық құралдармен жабдықталған алты құс қорасы, инкубатор, құрама жем өндіру цехы, сою цехы және бройлер өсіру орны тәрізді 4 алаңнан тұрады. «Ақ дала Агро» құс фабрикасы Ақмола облысындағы ауыл-аймақтарды, Нұр-Сұлтан қаласын құс еті өнімдерімен қамтамассыз етуде. Құс фабрикасының қуатты 10 мың тонна тауық етін өндіруге қауқарлы. 2023 жылы 22 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда», – дейді сертификаттау жұмыстарын жүргізген маман Данияр Сафиев.
Технолог және шариғат мамандарының қатысуымен құс фабрикасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, құстың жем-азығынан бастап, сою, ет өңдеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау процесстерінің халал стандарт талаптарына сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, құс фабрикасы қасапшылары мен өзге де қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинары өткізілді. Нәтижесінде, «Arshaly Qus» сауда белгісімен шығарылатын құс еті өнімдері «Халал өнімдерін өңдіруге, сақтауға тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» және «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» стандарттары бойынша сертификатталды.
«Arshaly Qus» құс еті өнімдерін берілген «QMDB Halal» сертификаты 03.03.2022-02.03.2023 ж мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!