Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 наурыз 2022

42

Жаңалықтар

Ақмола обл.: «KazBeef» қасапханасы тексерілді

Ақмола облысында орналасқан халал кәсіпорындарда наурыз айының кезекті аудит жұмысы жалғасуда. «Халал Даму» технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев пен жергілікті өкіл Дулат Қадыр «KazBeef» қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын «QMDB Halal» стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді. Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында «QMDB Halal» стандарты талаптарын бұзу немесе сақтамау жағдайлары анықталмады.


Бөлісу: