Ақмола обл.: «Natıge Milk» сүт фабрикасы тексерілді
«Natıge Milk» кәсіпорнының Ақмола облысындағы филиалында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Еркетаң Айдынқызы мен жергілікті инспектор-контролер Науан Муталов орындады.
Тексеріс барысында фабриканың барлық жұмыстарында халал стандарт талаптарының сақталуы басты назарға алынды. Сүт фабрикасы күніне бірнеше тонна шикізат өнім өндіруге қауқарлы. Ешқандай қоспасыз дайындалып, 5-8 күн аралығында қысқа мерзімді сақтауға арналған өнімдердің сақталуында да стандарт талаптарының орындалуы ескерілген. Мекеме өз өнімдерін Қарағанды, Ақмола облыстары, Нұр-Сұлтан, Екібастұз, Павлодар қалаларына жеткізетіндіктен, тасымалдау барысының да стандартқа сәйкес келуі қарастырылған. Сүт өнімдерін өндіру және қаптау барысында замануи және жоғарғы сапалы, құрал-жабдықтар қолданылады. Айлық аудит қорытындысына сәйкес, сүт фабрикасының барлық процессінде «QMDB Halal» стандарт талаптары толықтай сақталуда.