Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 наурыз 2022

51

Жаңалықтар

Ақтөбе қ.: «Сарқыт» рестораны сертификатталды

Ақтөбе қаласында орналасқан ең ірі тамақтану орындарының бірі – «Сарқыт» мейрамханасы және оған қарасты «Afsona» дәмханасы, «Wok point» және «Taksim» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы табыстады. Сертификаттау рәсіміне «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жарасхан Абдусаламов, кәсіпорын өкілдері және мешіт жамағаты қатысты.

«Халал – дініміз бен діліміздегі киелі ұғым. Халал ас – тіршіліктің негізі, құлшылықтың өзегі. Екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бір кісі қырық күн халалдан жесе, Алла Тағала ол кісінің жүрегін нұрландырады, жүрегіндегі хикметті тілінен ағызады», – деп адал астың рухани тұрғыдан тазаруға қаншалықты пайдалы болса, денсаулыққа да тигізер әсері орасан. Ендеше, ізгілікке ерген үмбет ретінде астың адалын тұтынуға ұмтылуымыз қажет. Осы орайда, өңірдегі халал өнімді тұтынушылар сұранысына орай «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өткен қоғамдық тамақтану орындарының маңызы зор», – дей келе кәсіпорын өкілдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызының қатысуымен аталған тамақтану орындарында аудит шаралары жүргізіліп, дәмхана қызметкерлеріне оқу-семинары өткізілген болатын.

Бөлісу: