Ақтөбе: Қасапшыларға арналған семинар өтті
Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Дамудың» Ақтөбе өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өтті.
Семинарға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жарасхан Әбдісаламов, сондай-ақ қасапшылар қатысты.
«Мал союдың өзіндік шариғи ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Мал сою ісіне асқан жауапкершілікпен қарау қажет» деді Серікжан Еншібайұлы.
Дәріс шариғат талабына сай мал сою ережелері, халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелер төңірегінде өрбіді.