АҚТӨБЕ: "ROKOS" ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ
"Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарованың Ақтөбе облысына сапары барысында "Rokos" шұжық цехы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов қатысты.
"Ақтөбе облысында азық-түлік өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын өңірде тамақ өнеркәсібі бағытындағы жаңа кәсіпорындар ашылып, ежелгі өнеркәсіптер өндіріс ауқымын кеңейтуде. Өңірдегі сондай ірі кәсіпорындардың бірі – "Rokos" шұжық өндіру цехы. "QMDB Halal" стандарты бойынша сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген, шұжық өндіруші кәсіпорында тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізілді. Батыс өңірге бағытталған іс сапар барысында аталған кәсіпорынның шұжық өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сақтау, сату кезеңдері түгелдей қадағаланып, шикізаттары мен тағамдық қоспалары "Treegene" молекула-гентикалық зертханасында сынамадан өткізілді", – деп мәлімдейді Айжан Қалмаханқызы.
Тексерістің алғашқы кезеңдік қорытындысы бойынша шұжық цехына бірқатар ескертулер жасалынды. Алайда, халал стандартына сәйкестендіру шаралары әлі де аяқталмағандығын ескертеміз және сертификаттау нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.