АҚТӨБЕ: "STREET FOOD BY AXK" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы "Street food by AKX" фаст-фуд дәмханасы "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорын "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды.
"Адал тамақтан бойға жақсылық дарыса, керісінше, харам тамақтан қаттылық, ауыртпашылық, ғапылдық жұғады. Дұғаның қабыл болуында да адал тамақтың маңызы зор. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл туралы: «Уа, адамдар! Шүбәсіз Алла барлық нәрседен пәк. Сол себепті адал және тазадан басқаны қабылдамайды. Алла Тағала пайғамбарларға бұйырғандарын мүминдерге де бұйырған”. Сол себепті, мұсылмандар мен халал азықты тұтынушыларға адал ас ұсыну, шариғатқа бойұсыну мақсатында өңірімізде халал стандартқа сай кәсіпорындар мен азық-түліктер санын арттыруға барынша тырысудамыз. Сан емес, сапаға да мән беріп ай сайын тұрақты түрде бақылау-қадағалау шараларын жүрігізіп тұрамыз"- дейді жергілікті инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов.
"Street food by AKX" сауда белгісімен шығарылатын фаст-фуд өнімдерін өндіруші кәсіпорынға берілген "QMDB HALAL" сертификаты 02.06.2021-01.06.2022 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр көшесі, 48А.