ҚАРАҒАНДЫ: АУЫЗАШАРДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қарағанды қалалық «Әнет Баба» мешітінде ауызашарға жиналған жамағатқа «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинары өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті маманы Амангелді Асқаров дәріс оқыды.
«Рамазанда күллі мұсылман қауымы Алланың мейірімі мен сауабынан үміт етіп ауыз бекітіп, ішіп-жеуден тиылады. Осы айда құлшылығымыздың қабыл болуы немесе болмауына әсер ететін себептердің бірі – адал ас тұтыну. Осы орайда ауызашар мен сәресінде қандай асты тұтыну қажет, азық-түліктің құрамында қандай күмәнді және харам қоспалар болуы мүмкін, харамның құлшылыққа тигізер әсері жөнінде кеңінен түсіндірілді», – дейді маманымыз.
Айта кетейік, еліміздің әр өңірінде Рамазан айында ұйымдастырылатын ауызашар сәресінде, мұқтаждарға таратылатын азық-түлік қораптарында сертификатталған халал өнімдерді қолдану жөнінде үгіт-насихат шаралары жүргізілуде.