Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қаңтар 2024

191

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «BERK FOOD» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды қаласындағы «Berk Food» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттар өндіруші кәсіпорын өкіліне жергілікті маманымыз Амангелді Асқаров «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Сертификаттау барысында «Berk Food» кәсіпорнының өндіріс барысында қолданатын тағамдық қоспалары мен шикізат өнімдері зертханаға жіберіліп, рұқсат етілмеген қоспалардың жоқтығы анықталды. Халал стандарты бойынша сәйкестендіру жұмысы толықтай аяқталғаннан кейін, кәсіпорынға сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деп хабарлайды жауапты өкіліміз.

«Berk Food» өнімдеріне берілген сертификат: 19.12.2023-18.12.2024 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Сарань тас жолы, құрылыс 5.


Бөлісу: