
ТЕМІРТАУ: «DEGIRMЕN» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Degirmen» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров дәмхана аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.
Сертификаттау барысында дәмхананың тағам әзірлеу процесі, шикізат жеткізушілері, ет пен ет өнімдерінің жеткізу тізбегі, қойма мен ас үй жағдайы егжей-тегжейлі тексерілді. Барлық кезеңде «QMDB Halal» стандартының талаптарына сай жұмыс жүргізіліп, өнімнің тазалығы мен адалдығына баса назар аударылды.
«Degirmen» дәмханасында тұтынушыларға ұсынылатын тағамдарға тек халал шикізат қолданылады. Барлық ет өнімдері арнайы тексеруден өткен, сенімді және сертификатталған жеткізушілерден алынады. Сонымен қатар, ас үй қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ішкі бақылау жүйесі енгізілді.
«Халал Даму» ұйымының өкілдері кәсіпорын басшылығына адалдық, тазалық және жауапкершілік қағидаларын тұрақты ұстану керектігін атап өтіп, бұл сертификат тұтынушылар сенімін арттыру мен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға үлес қосатынын жеткізді.