Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қазан 2025

32

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «DONER CLUB» ТАМАҚТАНУ ОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды қаласындағы «Doner Club» тамақтану орны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі мангелді Асқаров дәмхана аумағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады. 

Сертификаттау барысында кәсіпорында қолданылатын шикізаттың құрамы, сақтау және өндіру үдерістері, сондай-ақ қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы жан-жақты тексерілді. Барлық үдеріс «QMDB Halal» стандарты талаптарына толық сәйкес деп танылды.

«Doner Club» дәмханасына берілген сертификат 22.09.2025-21.09.2026 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы,  Құрылысшылар даңғылы 28/1.

Бөлісу: