Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қазан 2025

51

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «НӘТИЖЕ ТӘТТІ» КӘСІПОРНЫНДА АУДИТ

Қарағанды қаласындағы «Нәтиже тәтті» кондитерлік цехында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологтары Жанар Мұратқызы, Айжан Қалмаханқызы және жергілікті жауапты маман Амангелді Асқаров орындады.

Аудит барысында кәсіпорында өндірістік процестің әр кезеңі — шикізат қабылдау, сақтау, өндіру және қаптау бөлімдері — толықтай тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің жеке гигиена талаптарын сақтау деңгейі мен санитарлық тазалық жағдайына назар аударылды.

Тексеру нәтижесінде өнімдердің құрамында шариғатқа қайшы немесе күмәнді компоненттер анықталған жоқ. Барлық өндірістік жабдықтар мен құралдар халал стандарттарына сай тазалау және дезинфекциялау талаптарына сәйкес жүргізілетіні расталды.

Бөлісу: