Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 ақпан 2026

7

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРЫНДА «ХАЛАЛ ДАМУ» ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ТЕКСЕРІЛДІ

Қала аумағында орналасқан бірқатар қоғамдық тамақтану орындарында «Халал Даму» жүйесіне сәйкес бақылау тексерістері ұйымдастырылды. Тексерістердің негізгі мақсаты – тағам дайындау барысында белгіленген талаптардың орындалуын және өндірістік тәртіптің сақталуын анықтау.

Бақылау шаралары Don Rido, Batyr Sendvich, Maki Maki, Chicago, Medon, Adal, Maken Pizza & Sushi, Ai Doner, Saada, Aisberg балмұздағы, Maki Maki, Chicago, Baurdaq 2, Erkelet Bucket, Karak Home, Dam You, Fridaus 1, Zira Shafran, Salemshik, Parapa Pizza және «Добрая кухня» секілді нысандарды қамтыды.

Тексеру барысында пайдаланылатын өнімдердің талаптарға сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдай және жұмыс үдерістерінің ұйымдастырылуы қаралды. Сонымен қатар, мекеме өкілдеріне «Халал Даму» стандарттарын сақтау жөнінде әдістемелік түсіндірулер беріліп, анықталған ескертулер бойынша ұсыныстар ұсынылды.

Аудитке технолог Ардақ Жұбанышева мен жауапты өкіл Амангелді Асқаров қатысты.

Бөлісу: