Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 ақпан 2026

9

Жаңалықтар

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР НЫСАНДАРДА «ХАЛАЛ ДАМУ» АУДИТІ ӨТТІ

Ақмола облысына қарасты Көкшетау қаласында «Халал Даму» жүйесі аясында өндірістік және қоғамдық тамақтану бағытындағы кәсіпорындарда бақылау аудиті ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – белгіленген талаптардың орындалуын және өндірістік процестердің сәйкестігін бағалау.

Аудит жұмыстарын «Халал Даму» ұйымының маманы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы және жергілікті өкіл Науан Муталов жүргізді.

Тексеріс барысында сүт және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары қамтылды. Нысандар қатарында МПК «Бижан», Гормолзавод, Нәтиже» сүт фабрикасы, «Milk Project» сүт өндірісі, «Jakyn», «Асхана 24», «Shaurma food», «Центр плова», «Degirman», «Evde», «Lanzhou», «Kikis», «Блок питания», «Marhaba», «Nanduk», «CTR Chicken», «Nr food», «Rumman», «Burger ET», «Фисташка» және «Kokshe ET» бар.

Бақылау кезінде пайдаланылатын шикізаттың талаптарға сәйкестігі, санитарлық жағдай, технологиялық тәртіп пен ішкі бақылау тетіктері тексерілді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне «Халал Даму» талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорындарға тиісті ұсыныстар берілді.

Бөлісу: