Қарағанды облысы: кәсіпорындар тексерілуде
Қарағанды бойынша тексерісті «Халал Дамудың» технолог маманы Нұрбек Кабыкенов және Қарағандыоблысы бойынша жауапты өкілі Абрахмен Ысқақ жүргізген.
Кезекті бақылау барысында «Maki Maki» фаст-фуд өнімдер желісі, «Carla`s Cake» тамақтану орны, «Қағанат» асханалар желісі, «KUNGEI» тамақтану орны бақылаудан өткізілді. Мекемелердің ішкі санитарлық тазалығынан бастап, өндірістік техникалық құрал-жабдықтары, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары, шариғат шарттары мен стандарт талаптарына сай өнім өндіруі, қызметкерлердің бекітілген талап-ережелерді сақтауы тексерілді.