ҚАРАҒАНДЫ: «SHAURMA HOUSE» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Shaurma House» фаст-фуд дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. «Халал Дамудың» жауапты маманы Амангелді Асқаров кәсіпорын иесіне халал сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.
Сертификаттау барысында «Shaurma House» фаст-фуд дәмханасының ас мәзірінде қолданылатын барлық өнімдер мен ингредиенттердің «QMDB Halal» стандартына сәйкестігі мұқият тексерілді. Өндіріс процесі, сақтау және дайындау кезеңдеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы да қатаң бақылаудан өтті. Сертификатты табыстау рәсімінде Амангелді кәсіпорын ұжымына халал стандарты талаптарын ұдайы сақтау қажеттігін ескертті.
«Бұл жетістік кәсіпорынның дамуына жаңа серпін беріп, халал стандарттарына сәйкес қызмет көрсетуін одан әрі жалғастыруына мүмкіндік береді», – деген дәмхана иесі өз сөзінде «QMDB Halal» сертификаты тұтынушылардың сенімін арттырып, адал ас ұсыну жолындағы жауапкершілікті күшейтетінін айтты.
«Shaurma house» фаст-фуд дәмханасына берілген халал сертификаты 19.12.2024-18.12.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар көшесі, 1/1.