Қарағанды: «Тай» шұжық цехы тексерілді
Қарағанды қаласындағы «Тай» шұжық цехында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Айзат Сатаева, жергілікті бақылаушы Ысқақ Абдрахманов кезекті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.
«Тай» шұжық цехы – еліміздің солтүстік аймағын шұжық өнімдерімен қамтып отырған ірі кәсіпорындардың бірі. Тексеріс қорытындысы бойынша, «Тай» кәсіпорнындағы барлық шұжықтар халал стандарт талаптарын толық сақтай отырып өндірілетіндігі анықталды. Санитарлық тазалық пен қызметкерлердің бекітілген талаптарды орындауы да өте жоғары деңгейде», — дейді бақылаушы мамандар.