Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қараша 2024

163

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қарағанды облысына іс-сапары барысында орталық «Әнет баба мешітіне» жиналған жамағатқа «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізді. 

«Халал – сіз бен бізге Алла тарапынан рұқсат етілген нәрселер болса, харам тыйымдар шеңбері. Харамнан тыйылып қашық болу, халалға асық болу – әрбіріміздің міндетіміз. Сондықтан да, еліміздегі күллі мұсылманның халал ас тұтынуы үшін «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды», – деген Айбек Асқарбекұлы халал стандарттау және сертификаттау жөнінде кеңінін баяндап, шариғат талаптарына сай халал ас өндіру мен тұтынудың дүние мен ақыретте тигізер пайдасына тоқталды. Жиылған жамағатқа халал ас тұтынудың маңызы, тағам өнімдерін сатып аларда, тұтынарда аса мән берілуі тиіс жәйттар, күнделікті ас өнімдері құрамында жиі кездесетін тағамдық қоспалар, халал өнімдер дайындау технологиясы жөнінде құнды ақпаратпен бөлісті. Семинар соңында облыстың бас имамы  Естай Айтуғанұлы  «Халал Даму» ұжымына алғысын білдіріп, халықты халал ас тұтынуға шақырды.


Бөлісу: