Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қараша 2024

168

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы мен халалдың Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров жергілікті кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында өңірдегі сертификатталған кәсіпорындар түгелдей тексерілді.

«Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап, дүкен сөрелеріне жеткізуіне дейінгі барлық процесс толықтай қадағаланды. Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Аталған мекемелер шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптарын толықтай орындайтыны анықталды», - дейді жергілікті өкіліміз.

Бөлісу: