ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗЕКТІ АУДИТ
Қарағанды қаласындағы халал кәсіпорындарда кезекті аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Қалмаханқызы мен технолог Әсел Таңатар орындады. Тексеріске жергілікті өкіл Амангелді Асқаров та қатысты.
«Жоспарлы аудит барасында «Фирдаус Халал», «Salemchik», «Üşküdar», «RICE», «Dam you», «PARAPA PIZZA», «ASYL», «Hani Brunch» кәсіпорындары тексерілді. Жалпы тексеріс қорытындысы оң, алайда кішігірім ескерту берілген кәсіпорындар да бар», – дейді маманымыз.