Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 маусым 2025

42

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗЕКТІ АУДИТ

Қарағанды қаласында да айлық аудит жүргізілуде. Аудит барысында «Нәтиже» сүт фабрикасы, «Айза» балмұздақ өндірісі, «Тұран елі», «Svitnus», «Lokanta», «Ускудар» дәмханалары, «Janelle», «571» кофеханалары, «Алақай» жартылай фабрикаттары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Мейіржан Бауыржанұлы мен Амангелді Асқаров орындады.

Тексеріс барысында аталған кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізат құрамы, сақтау және тасымалдау шарттары «Халал» стандартына сәйкестігі тұрғысынан егжей-тегжейлі қаралды. Әсіресе, тағамдық қоспалардың шариғат талаптарына сай болуына, құрал-жабдықтардың тазалығы мен қолданылуына ерекше мән берілді.

Сондай-ақ, дәмхана және кофехана қызметкерлерімен халал талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың діни талаптар мен стандарттық ережелерді білу деңгейі пысықталды. Аудит нәтижесінде кейбір кәсіпорындардан стандартқа сай оң көрсеткіштер анықталса, бірнеше нысанға түзету жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.



Бөлісу: