Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 наурыз 2023

50

Жаңалықтар

Қарағандыда тексеру жұмыстары жалғасуда

ҚМДБ «Халал Дамудың» жауапты маман, технологы Кабыкенов Нұрбек және «Халал» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша өкілі Ысқақ Рахимбекұлының қатысуымен Қарағанды қаласындағы бірнеше кәсіпорындар арнайы тексерістен өтті. 

Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.

Тексерілген кәсіпорындар қтарында «Раян», «FIRDAUS Halal» тамақтану орындары, «Doner Chef Chicken», «Salemchick», «Parapa Pizza», «Basta» фаст-фуд өнімдері және басқа да сертификат алуға ниетті мекемелер.

Сонымен қатар «Раян» және «FIRDAUS Halal» тамақтану орындарына жаңартылған «QMDB Halal» сертификаттары табысталды.

Бөлісу: