ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
«Халал Дамудың» технологы Нұрбек Кабыкенов пен жергілікті бақылаушы маман Амангелді Асқаров Қарағандыдағы кәсіпорындарда айлық аудит шараларын жүргізді. «Тағам» асханасы, «Ұлан ет» ет дүкені, «Hani» кондитерлік цехы, «Донер» фаст-фуд өнімдері мен «Ташкент» дәмханаларында бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы және шариғатқа сай өнім өндірулерін қадағалады.
«Қарағанды – еліміздегі халал кәсіпорындар саны қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Халал кәсіпорындарда жүргізілетін аудит жұмыстарын біріздендіру, өндіріс орындарында стандарт талаптарын орнықтыру мақсатында өңірде жоспарлы тексеріс жүргізіп жатырмыз. Біздің басты нысанамызда – ірі өндірістік кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтандыру орындары. Тексерістің алғашқы күні бес кәсіпорынды тексердік. Олардың қатарында әртүрлі бағыттағы өндіріс орындары бар: асханалар, фаст-фуд және кондитерлік өнімдер, ет дүкені. Аудит нәтижесі көңілімізден шықты. Жүйелі аудит шараларының кәсіпорындарға берері зор», – деген маманымыз тексерістің әлі де жалғасатынын мәлімдеді.
.