Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 мамыр 2024

354

Жаңалықтар

«АРАФАТ» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР

Алматы қаласы «Арафат» мешітінде «Халал Дамудың» жергілікті өкілдігінің ұйымдастыруымен жергілікті жамағатқа «Адалды іздеу – әрбір мұсылманның міндеті» атты семинары өткізілді.

«Халал – Алла Тағаланың бекіткен талабы. Сондықтан дінді ұстанған кез-келген мұсылман халалдың мәселесіне ерекше көңіл бөлуі қажет. Әрбір ішкен асымыз – дұғамыздың қабыл болуы, ұрпағымыздың ізгі болуы, өміріміздің бекерелі болуына бастайтын негізгі себептердің бірі. Сондықтан да, еліміздегі күллі мұсылманның халал ас тұтынуы үшін «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды», – деген мамандарымыз халал жөнінде баяндап, сертификатталған өнімдерді тұтынудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, халал өнім өндіру технологиясы турасында кеңінен тарқатып айтып, қатысушыларды толғандырған түйткілді сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу: