Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 наурыз 2024

232

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА СЕМИНАР

Алматы облысы Қарасай, Көксай ауылы, «Рамазан» мешітінде «Халал ас – жан азығы» тақырыбында семинар өтті. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқыды.

«Семинарда айлардың сұлтаны Рамазан айында ауызашар мен сәресінде халал ас тұтынудың маңызы, дастарханға қойылатын азық-түліктің халал болуы, құлшылығымыз бен дұғаларымыздың қабыл болуына халал астың тигізер әсері, тағамдық қоспалар құрамы, халал дәрі-дәрмектер секілді ең өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар жамағат сұрақтарына жауап беріліп, отандық халал өнімдерді қолдану насихатталды», – дейді өкіліміз.

Бөлісу: