А.АСҚАРБЕКҰЛЫ БЕЛОРУССИЯДАҒЫ АУДИТТЕ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Белоруссиядағы іс-сапар барысында шет елдік әріптестермен аудит шарасына қатысты.
«Бүгінгі іс-сапар біз үшін өте маңызды. Себебі, іс-сапар барысында халал саласындағы жаңа идеялар, ауқымды жобалар, өндірістегі инновациялық технологиялармен таныстық. Сонымен қатар, аудит аясында белоруссиялық мамандар айлық тексеріс шараларын орындау, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізу, кәсіпорын құжаттарын жүргізу талап-тәртібімен бөлісті. Жинақталған тәжірибені алдағы уақытта жұмыс аясында қолданысқа енгіземіз», – деді А.Асқарбекұлы.