Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қазан 2025

21

Жаңалықтар

«ҚАРҚЫН 2030» КӘСІПОРНЫНДА АУДИТ

Түркістан облысындағы «Қарқын 2030» ет комбинатында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Айтмұхан Мусин, Қазбек Сарыбаев, Айжан Қалмаханқызы, Жанат Ахметқызы, Аружан Аралбай орындады.

Аудит барысында «Қарқын 2030» ет комбинатының барлық өндірістік кезеңдері мұқият тексерілді. Мамандар шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі процестердің халал стандарттарына сәйкестігін бағалап, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, өнімнің дұрыс өңделуін, құрал-жабдықтардың тазалығын және қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін қадағалады. Сондай-ақ өнімді белгілеу, қаптау және сақтау ережелерінің талапқа сай орындалуы тексерілді.  Сондай-ақ, тексеріс кезінде кәсіпорынның барлық құжаттары: шикізат пен дайын өнімді есепке алу, сақтау журналдары, сапа бақылау жазбалары және сертификаттар сияқты құжаттардың дұрыстығы мен толықтығы да қаралды. 

Сонымен қатар, «Халал Даму» мамандары кәсіпорын қызметкерлеріне арналған оқу семинарын өткізді. Семинар барысында халал стандарттары, санитарлық-гигиеналық талаптар, өнімді дұрыс өңдеу және сақтау әдістері, сондай-ақ сапаны бақылау бойынша практикалық дағдылар үйретілді. Бұл шара қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және өндірістің халал талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.  

Бөлісу: