Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 мамыр 2024

314

Жаңалықтар

ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өткізілді. Семинарға облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен «Халал Дамудың» ергілікті мамандары мен қасапшылар қатысты.

Қасапшылардың білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарда шариғат талабына сай мал сою ережелері, мал сою мен ет өңдеуге қойылатын халал стандарт талаптары түсіндірілді. Шариғатқа сай мал бауыздау талаптары аят-хадис үкімдері, дін ғұламаларының еңбегі негізінде кеңінен тарқатылып айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қасапшыларға «Қасапшылық куәлігі мен сертификаты» табысталды.


Бөлісу: