"ASIAN MILK" СҮТ ӨНІМДЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ
Маңғыстау облысындағы "AGARGAN" кәсіпорнының "ASIA MILK" сүт өндірісі зауытында бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Ревизорлық бақылау жұмыстарын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті инспектор-контролер Айтқожаев Мәжит орындады.
"Адамзаттың бірінші сұранысы - тамақ. Еліміздегі статистикаға жүгінсек, соңғы он жылда сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар 2,7 есеге өскен. Үкімет тарапынан ішкі нарықта ірімшік, сүзбе, қоюландырылған және құрғақ сүт импортының көлемін азайту үшін тауарлық сүт фермаларын іске қосу қажеттігі айтылған болатын. "AGARGAN" – Маңғыстау облысында сиыр мен түйе сүтін өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі. Бүгін басшылықтың тікелей қатысуымен сүт зауытының өндіріс аймағында сертификат жаңарту үшін кезекті ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді", – деп хабарлады Айбек Асқарбекұлы.
Бақылау-қадағалау шаралары толықтай аяқталғаннан кейін, кәсіпорын сертификаты жаңартылатындығын хабарлаймыз!