Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 қыркүйек 2022

87

Жаңалықтар

А.Асқарбекұлы «Шымкент медресе колледжінде» семинарға қатысты

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Шымкент медресе колледжінде» шәкірттерге арналған халал турасындағы оқу-семинарға қатысты. 

«Адал астың адам денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Бұл жөнінде қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбар (с. а. у) хадистерінде де көптеп айтылады. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің саулығы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы —асымыздың адалдығына тікелей  байланысты», – деген Айбек Асқарбекұлы «Халал Даму» қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат беріп, адал астың адам ағзасына тигізер әсері жөнінде баяндады.

Семинар соңында шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дәріске қатысушылар «Халал Даму» ұйымына алғысын білдірді.

Бөлісу: