А.Асқарбекұлы Түрік Стандарттар институты басшысымен кездесті
ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегацияның Түркия Республикасына сапары барысында, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Түрік стандарттар институты (TSE) басшысы Илхами Актуркпен кездесті.
Кездесу барысында халал өнімдерді сертификаттаумен айналысатын ұйымдарды аккредиттеу, халал стандарттау және сертификаттаудағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы, халал өнім экспорты мен импорты, нарықты қадағалау жүйесі және де ерікті сертификаттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, практикалық тәжірибе алмасу арқылы мамандардың білімін жетілдіру, екі жақты әріптестікті нығайту секілді алдағы уақытқа жоспарланған бірқатар шаралар пысықталды. Түрік стандарттар институты басшысы «Халал Дамудың» халықаралық және отандық халал саласындағы тәжірибесі мен жетістіктеріне, бақылау жүйесіне қызығушылық танытты.
Естеріңізге сала кетейік, ҚМДБ делегациясының Түркия Республикасындағы ресми іс сапары барысында, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал стандарттау және сертификаттау саласындағы білікті мамандармен кездесіп, тәжірибе алмасқан болатын.