
АСТАНА: «DONER NA ABAYA» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Астана қаласындағы «Doner na Abaya» фаст-фуд дәмханалар желісі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Аталған дәмхана «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021» стандартына сәйкес деп танылды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Сертификаттау процесі барысында кәсіпорынның өндірістік және санитарлық-гигиеналық жағдайлары жан-жақты тексеріліп, шикізаттың шығу тегі мен сапасы сарапталды. «Халал Даму» мамандары мекеме қызметкерлеріне халал стандарттарының талаптарын түсіндіріп, өнім дайындау барысындағы маңызды аспектілерге ерекше назар аударды.
Тексеру барысында шикізаттың «QMDB Halal» стандартына сәйкестігі, ет және ет өнімдерінің қадағалануы, сертификатталған өнімдерді ғана пайдалануы, ас дайындау процесінде бөгде, халал емес өнімдердің қолданылмауы, аймақтың тазалығы және санитарлық талаптардың орындалуы, асхана қызметкерлерінің халал талаптарын білуі және оларды сақтауы назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде «Doner na Abaya» дәмханалар желісі жоғарыда аталған талаптарға толықтай сай деп танылды. Осыған орай, кәсіпорынға халал сертификаты ресми түрде табысталды.