Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 мамыр 2024

399

Жаңалықтар

АСТАНА: «FRUCTIS» СИРОПТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Астана қаласындағы «Асроруф Фуд Трейд» кәсіпорнының «Frutis» сауда белгісімен шығарылатын сироптары сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Бұл сироптар – кофе, коктейль, кондитерлік өнімдер, десерттер т.б өнімдерді дайындауда қосымша тағамдық қоспа ретінде қолданылады. Сондықтан, құрамының тазалығы, харам компонеттердің болмауы аса маңызды. «Frutis» өнімдерін сертификаттау барысында өндіріс орны толықтай тексеріліп, өнімдеріне лабораториялық зерттеу жүргізілді. Сертификаттау жұмысының оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді маманымыз.

«Frutis» сироптарына берілген сертификат 02.05.2024-01.05.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Кәсіпорынның мекен-жайы: Астана қаласы, Герцен көшесі, 55 А. 

Бөлісу: