АСТАНА: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Қалмаханқызы Астана қалалық «Көктал» мешітінің әйел жаматына халал өнімдер мен халал сертификаттау жүйесі жайында семинар өткізді.
Айжан Қалмаханқызы семинар барысында халал өнімдердің өндірісінен бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі барлық кезеңдегі талаптарды түсіндіріп, сертификаттау процесінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, семинарда халал стандарттарының тек тағам саласында ғана емес, сонымен қатар косметика, фармацевтика және басқа да қызмет көрсету салаларында да қолданылатындығы туралы айтылды. Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, жеке тәжірибелерін бөлісіп, халал өнімдерді тұтынудың маңыздылығын және күнделікті өмірде осы принциптерді қалай қолдануға болатынын талқылады.