Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 қазан 2022

108

Жаңалықтар

Астанада «Халал — шариғат талабы» семинары өткізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әйел қыздар секторы және «Халал Дамудың» ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Халал – шариғат талабы» атты семинар өтті. Семинарды «Халал Дамудың» бас сапаршы технологы Айжан Қалмаханқызы мен технолог Айзат Ермекқызы өткізді.

«Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балардың тамағына жауапты да әйел адамдары болғандықтан халал турасында мағлұматының болғаны нәзік жандыларға аса маңызды. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Халал астың маңызы жөнінде аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты», – деген Айжан Қалмаханқызы «Халал Даму» қызметі, халал стандарт талаптары, тағамдық қоспалар жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ адал ас ішудің медицина тұрғысынан адам ағзасына әсері жөнінде Айзат Ермекқызы баяндады.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, дәріс тыңдаушылары білімін жетілдіруге мүмкіндік берген «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

Бөлісу: