Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қазан 2022

111

Жаңалықтар

Атырау қаласы: тексеріс жұмыстары жүргізілді

 «Халал даму» технологы Айзат Сатаева бастаған топ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификатын алған тамақтану орындары, кәсіпорындарда тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, аталған «QMDB Халал» сертификатын алуға өтінім білдірген компаниялармен арада келіссөздер, түсінік жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен бірге, әйел жамағаты арасында «Халал – шариғат талабы» атты семинар болып өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінде өткен семинар аясында технолог Айзат Сатаева шариғаттағы халал түсінігі бағытында ақпараттар берді.

«Халал сертификаттаудың негізгі мақсаты – халықаралық мұсылман қауымына дін нормаларын сақтауда қызмет ету. Халал сертификат – сіздің өніміңіздің бәсекеге қабілеттігін көрсетеді. Сонымен бірге, ұйымның міндеті – мұсылман қауымы мен халал өндірісінде тағамдардың қадағалануын жеңілдету, халал кепілдігінің тәжірибеден өткен, сенімді жүйесін құру» - деп атап өтті технолог Айзат Сатаева.


Бөлісу: