Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қыркүйек 2024

114

Жаңалықтар

АТЫРАУ: БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан өңірдегі кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Атап айтқанда, «Аманкелді» кәсіпорнының балық өнімдері, «Alma pie» және «Iris» дәмханалары халал стандарты талаптарына сай деп танылды.

«Аталған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бірнеше ай бойы бақылаудан өткізілді. Күмәнді шикізаттары мен қоспалары қолданыстан алынып, халал стандарты талаптарына сәйкестендірілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинарлар өткізіліп, халал талаптары мен ережелері түсіндірілді. Екі жақтың бірлескен жұмыстарының оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау шешім қабылданды», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

Айта кетейік, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының басшылығымен Атырау облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу: