Атырау: «Мамулины вкусняшки» жартылай фабрикаттары сертификатталды
Атырау қаласында орналасқан «Дәмді» кәсіпорнының «Мамулины вкусняшки» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорын өкіліне халал сертификатын облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыстады.
Кәсіпорынның өндіріс аумағында «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, нәтижесінде «Мамулины вкусняшки» жартылай фабрикаттарының 48 түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды.
«Мамулины вкусняшки» жартылай фабрикаттарына берілген «QMDB Halal» сертификаты 15.04.2022 - 14.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.