Атырау обл.: 16 кәсіпорын тексерілді
«Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Омарованың Атырау облысына бағытталған іс сапары барысында Атырау қаласында орналасқан 16 кәсіпорын жоспарлы тексеруден өткізілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Қайрат Аманжолұлы да қатысты.
Солардың ішінде, «Morocco» және «Coffee River» асханалары өз сертификаттарын жаңартқан болса, «Rumman» және «Тағам» асханалар желісі халал стандарттарын қатаң сақтаумен ерекше көзге түсті.
«Алмалы құс», «Sancak», «Lanzhou», «Maki Maki», «Gippo», «Bomazza», «Шоқ донер», «Ташкент палау» орталығы, «Iris», «Асыл Агро» кәсіпорны қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар шаралары жүргізілді
Сонымен қатар, халал сертификат алуға үміткер «Зәуреш тәттілері» және «Тәп-тәтті» кондитерлік цехының халал стандарты талаптарына сәйкестігі қадағаланды.