АТЫРАУ ОБЛ.: 50 КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» технологы Мейіржан Бауыржанұлының Атырау облысына іс-сапары барысында 50-ге жуық кәсіпорынға аудит жүргізді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті өкіл Дәурен Арапбек те қатысты.
«Жоспарлы тексеріс барысында өңірдегі барлық кәсіпорындар түгелдей тексерілді. «Халал Даму» бақылауындағы тамақтану орындары, фаст-фуд өндірісі, кондитерлік және шұжық цехтары т.б өндіріс орындарының бекітілген халал стандартына сай жұмыс жасауы қадағаланды. Аудит нәтижесі оң, халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді» – деп хабарлайды маманымыз
Сонымен қатар, «Dayana Halal Food» жартылай фабрикат өнімдеріне, «Кондитер» кондитерлік цехына, «Alma pie» дәмханасына, «Атырау ет орталығы» қасапханасына «QMDB Halal» сертификаты мен О.Ғ.Әбіұлына қасапшылық куәлігі табысталды.