Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 сәуір 2021

81

Жаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛ.: "TENIZ QUSY" ҚҰСФАБРИКАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

**Атырау облысы, Құрманғазы ауылында орналасқан "Бұйырған" кәсіпкерлігіне қарасты "Teniz Qusy" құсфабрикасы "QMDB halal" сертификатына ие болды.** "Teniz Qusy" құсфабрикасы кәсіпорнының 6 түрлі тауық еті өнімі "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды. Құсфабрикасының өндіріс аймағы, құс азығы, техникалық жабдықтарының халал стандарт талаптарына сәйкестігі мамандар тарапынан тексеріліп, сертификаттау үшін қажетті барлық шаралар түгелдей орындалды. "Teniz Qusy" сауда белгісімен шығарылатын құс еті өнімдерін еліміздің батыс аймағындағы сауда орындарынан таба аласыздар! Құсфабрикасының ресми мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құманғазы ауылы,Қыдыр ата көшесі 1А. Берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 20.12.2020-19.12.2021 ![Снимок.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/c04/438/606c04438096a197014986.jpg)

Бөлісу: