Атырау облысы: қасапхана тексерілді
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы арнай іс барысымен Атырау қаласы, Береке ауылында «QMDB Halal» сертификатын алған заманауи мал сою және сату кешеніне келді.
Мал базары ет сойып қана қоймай, оны жуып, тазалау қызметтері және сату мүмкіндігі бар. Аталған нысанның жалпы көлемі 1000 шаршы метрді құрайды. Тәулігіне 150 мал союға арналған кешенде 150 ұсақ малға, 150 ірі малға арналған қора салынған.