Атырау облысы: “Халал-Шариғат Талабы” және “Ас Адамнның Арқауы” тақырыптарында семинар өтті
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы “Халал-Шариғат Талабы” және “Ас Адамнның Арқауы” тақырыптарында семинар өткізді.
Атырау қаласы Жылой ауданы жамағаттарымен кездесіп адал ас тақырыбында уағыз насихат айтты. Оқу-ағарту жұмыстарының нәтижесі мен халық сұранысы көптігінің көрінісі. Семинар барысында шариғатымыздағы «Халал және харам» тақырыбына кеңінен тарқатып, халал өнім өндіру технологиясының ерекешеліктері, сертификаттау және стандарттау, аудит процесстерінің жүргізілуіне тоқталып өтті. Оқу-семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді