Атырау облысы: әйел жамағатына семинар өткізілді
Халал Даму технологы Әсел Таңатар Атырауға іс сапарында "Иманғали" орталық мешітінде әйел жамағатына халал тақырыбында оқу семинарын жүргізді.
Семинарға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.
Көпшілікке күнделікті тұтынып жүрген өнімдерді қалай таңдау керектігі жайлы слайд көрсетіліп, тың мағұлматтар берілді. Мәселен, күріш, кәмпит, балмұздақ, май, сүт, шұжық, тауық, т.б. Зертханалық зерттеу жұмыстары кезінде кездесетін бірқатар проблемаларды сөз еткен мамандар: «Шұжық өнімдерінің басты проблемасы – бұл шұжыққа қосылатын тағамдық қоспалары болса, консерві өнімдерін тексеру барысындағы басты проблема-құрамына қосылатын ет өнімдерінде, яғни, шариғат талабына сай сойылғанын қадағалау. Консервіде еттерді сақтау үшін консерванттар қосылатын жағдайда, тексерісті зертхана арқылы жүргізу қажет. Ал сусын өндірісіндегі басты проблема – Халал стандартына сай емес қызыл түс беруші бояғыштың пайдалануы.Май өндірісіндегі басты проблема – өсімдік шикізатын жануар текті шикізатпен алмастырмау» - деп өнімнің барлық құрамына аса назар аударылатынын айтып өтті.