Атыраудағы бірқатар кәсіпорындар сертификатталды
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан өңірдегі бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Атап айтқанда, «Shoq Doner» фаст-фуд өнімдері, «Беріш» ет дүкендер желісі, «Тағам» асханасы, «Asyl» шұжық және консерві өнімдері, «Халил ұста» ет дүкені сертификатталды.
Аталған кәсіпорындар аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, бекітілген халал талаптарына толықтай сай екендігі анықталды.
Жергілікті технолог Дәурен Арапбаевтың бақылауымен сертификатталған кәсіпорындарда кезекті және кезектен тыс аудит шаралары орындалатын болады.