Атыраудағы « Happy Cake» өнімдері сертификат жаңартты
ҚМДБ халал стандарт сертификатын Атырау облысы орталық “Иманғали” мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев “Happy Cakе” кондитерлік өнімдері дүкенінің басшысы Венера Маратқызына табыс етті.
“Happy Cakе” кондитерлік өнімдері дүкені Атырау қаласы, Сырым Датов көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан.
“Аталмыш мекеменің қызметі халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды” делінген сертификатта. Сертификаттың мерзімі 04.07.2023 дейін жарамды.