Атыраудағы кәсіпорындар сертификатталды
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев өңірдегі ЖК «Sogym Food» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикат өнімдері, «Lanzhou Атырау» дәмханасы, ЖК «Енжилов» «Дастан » ет дүкені, ЖК «Татишев Д.А» «Angel-in-us-coffee» және «Масалимова» «Afsona» қоғамдық тамақтану орындарына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге халал турасында оқу-семинары жүргізілді.
«Өңірдегі халал кәсіпорындар ауқымын кеңейту мақсатында үздіксіз түрде үгіт-насихат, ақпараттандыру шаралары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де өндіріс орындары күн санап артуда. Бүгінде технолог мамандардың қатысуымен «Sogym Food», «Lanzhou Атырау», «Angel-in-us-coffee», «Afsona» кәсіпорындар аумағына бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, бірқатар өнімдер зертханалық сынамадан өткізілді. Аудит шараларының оң нәтижесінен кейін, аталған кәсіпорындар «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» және «Қоғамдық тамақтану қызметтері» стандартына сай деп танылды», – дейді Алтынбек Ұтысханұлы.