Атыраудағы мал базары тексерілді
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрбан айт мерекесі қарсаңында Атырау қаласындағы “Асыл агро” және “Тума” мал базарларын аралады.
“Мал сою орындарындағы санитарлық талаптардың сақталуы, мал бағасының тұрақтылығы басты назарда” деді Бас имам базарларды аралау барысында.
Еске сала кетелік, биыл Құрбан айт 9-шілде күні басталады. Онлайн форматта құрбан шалу мүмкіндігі Qurban.kz 2022 сайты арқылы жүзеге асырылады.