АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы облысы, Қонаев қаласындағы «Қапшағай» мешіті және Алатау қаласы Ынтымақ ауылдық «Биләл ибн Раббах» мешіттерінің ауыз ашар дастарханының халалдығы тексеріліп, Қапашағай мешіті жамағатына «Рамазандағы адал ас мәслесі» жөнінде насихат айтылды.

Қапшағай қаласындағы «Қапшағай» мешіті мен Алатау қаласының Ынтымақ ауылдық «Биләл ибн Раббах» мешіттерінің ауыз ашар дастарханындағы тағамдардың халалдылығы тексерілді. «Халал Даму» сертификаттау орталығы мамаедарының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Қапшағай мешітінде өткізілген тексеріс барысында халал өнімдерінің талаптарға сәйкес екендігі анықталды.
Сонымен қатар, Қапшағай мешітінің жамағатына халал тағамдардың маңыздылығы мен исламдағы рұқсат етілген және рұқсат етілмеген өнімдер жайында насихат айтылды. Халал өнім тұтынудың тек діни міндет қана емес, денсаулық пен қоғамға пайдасы зор екендігін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде халал тұтынудың рухани тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамдағы әділеттілікті арттыруға әсер ететінін айтты.
Ынтымақ ауылындағы Биләл ибн Раббах мешітінде де осындай насихаттық жұмыстар жүргізіліп, ауыл тұрғындарына халал өнімдерін таңдаудың қажеттілігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, осы шаралардың аясында халал өнімдер нарығының дамуы мен халал сертификаттау жүйесінің маңыздылығы туралы айтылды.